Қызылорда облысы кәсіподақтары жұмыс нәтижелерін талқылады

Қызылорда облысы кәсіподақтары Үйлестіру кеңесінің күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен белгіленген әлеуметтік әріптестік жылында салалық кәсіподақ ұйымдарымен атқарылған жұмыстар қорытындысы талқыланды.

Кеңес отырысында әлеуметтік әріптестер арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстар барысы да баяндалып, қорытындыланды.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі әртүрлі мәселелер бойынша облыс кәсіподақтарының «Қазақстан кәсіподағы» газетіне жазылу қорытындысы, еңбек ұжымдарындағы жаңа жылдық мерекелік күндердегі әлеуметтік-еңбек ахуалына мониторинг жасау мәселесі пысықталды.