Салалық кәсіподақ төрағасы Түркі әлемінің еңбекші әйелдер конгресіне қатысты

Түркі әлемінің еңбекші әйелдер конгресіне ақтөбелік салалық кәсіподақ төрайымы қатысты. Үш күн бойы өткен панельдік сессияларда конгресс қонақтары мен делегаттары болашақ түркі әлеміндегі әйелдің рөлі, болашақ әлемдегі әйелдің миссиясы, әйел және оның әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы орны, ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерін жақсарту бойынша ұсыныстар сынды мәселелерді талқылады.

Түркия Әйелдер қозғалысы қауымдастығы мүшелерінің баяндамалары өте қызықты болды. И.Чимен зорлық-зомбылық түрлері және зорлық-зомбылық жағдайында әйелдер қабылдауы керек шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тәжірибеші адвокат ретінде зардап шеккен әйелдердің мысалдарын көрсете отырып, ондай жағдайда жүгінуге болатын байланыс нөмірлерімен бөлісті.

Д.Өлмез Арытүрік әйелдердің құқықтарын ілгерілетуге қабілетті әлеуметтік желілердің әлеуетін атап өтіп, жиналғандарды гендерлік теңдікті ілгерілету жолында әлеуметтік желілерді ұтымды пайдалануға шақырды.


Талқылау барысында әйел делегаттар тұрмыста, отбасында, жұмыс орнында кездесетін проблемалар туралы ашық айтты. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді, негізгі мәселелер қорытынды құжатта көрініс тапты.