Кәсіподақ қолдауымен білім сайысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында ұлағатты ұстаз “Ы.Алтынсарин төсбелгісінің” иегері, “Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі” Баязит Құдайбергенұлын еске алуға арналған “Атажұрт” білімділер мен жігерлілер сайысы өтті. Шараға 22 мектептен 110 оқушы қатысты.

Сайыстың мақсаты – Б.Құдайбергенұлының рухына тағызым етіп, ұлағатты ұстаздың еңбек жолын насихаттау.

Байқауға қатысушыларды аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов және кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов құттықтап, жарысқа жігерлі оқушылар дайындаған жетекшілерді алғыс хатпен және қаржылай сыйақымен марапаттады.