2022 жылы Астанада 25 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы мен салалық кәсіподақтар филиалдарының өзара ынтымақтастығы мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде бастауыш кәсіподақ ұйымын құруға ерікті ниет білдірген мекеме-кәсіпорындар қатары артып келеді.

2022 жылы ҚР Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылы аясында Астана қаласында 25 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.

Атап айтқанда: «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы – 15, «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалдары – 3, “YNTYMAQ” қазақстандық кәсіпкерлік қызметкерлері салалық кәсіподағының филиалы – 2, Құрылыс кешені және ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподағы мен Теміржолшылар кәсіподағының «Астана» филиалдары 1 бастауыш кәсіподақ ұйымын құрды.

Айта кетерлігі, 2021 жылы елорда аумағында 22 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылған болатын.

Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.