Еңбек адамы – жаттықтырушы Бауыржан Төлегенов

Бауыржан Төлегенов 1963 жылы 8 шілдеде Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қопа ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Қопа совхозында жастар бригадасында қой бағып, 1981 жылы жолдамамен Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 1986 жылы тәмамдады.

1986-2002 жж. түрлі салада қызмет жасап, 2002 жылдан Интеллектуалды спорт түрлері бойынша ОБЖСМ-де, ал 2013 жылдан бастап «Жоғарғы спорт шеберлігі» КММ-де тоғызқұмалақтан жаттықтырушы болып жұмыс жасап келеді.

Б.Төлегенов облыста тоғызқұмалақ спортының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оқушылардың, жастардың тоғызқұмалақ спортына тартылуы үшін көп еңбек етті. Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы. Облыстың тоғызқұмалақ командасының аға жаттықтырушы болып жүріп, облыста тоғызқұмалақтың дамуына зор ықпал етті.

Б.Төлегенов өз ісіне тиянақты. Тәжірибесі мол, білікті маман. Әріптестері мен шәкірттері арасында беделді. Адамгершілік қасиеті мол. Тоғызқұмалақтан әлі де талай мықты спортшыларды тәрбиелеуге күш-жігері жеткілікті ұстаз, бапкер.

Облыста кешенді спартакиадалар, республикалық және Азия чемпионаттарын, түрлі циклды жарыстарды ұйымдастырып, өткізілуінде үлкен үлесін қосуда.

2021 жылғы Ақтөбе қаласында өткен Азия чемпионатында бас төреші болды және оқушылары алтыннан алқа тақты, ал  Мөлдір Серікқызы қола медальға қол жеткізді және сол үлкен жарыс тиісті деңгейде өтуіне тікелей жауапкершілік алып, басы-қасында болды.