Кәсіподақ төрағасы энергетиктермен жүздесті

Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев пен Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Жарқымбек Әлімбетов “Ақтөбе жылу энергия орталығы” АҚ еңбек ұжымымен кездесті.


Ақтөбе облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев еңбек қатынастарының сапасын жақсарту, жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер, кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы коммуникациялар құру мақсатында еңбеккерлердің пікір ұсыныстары мен талап өтініштерін тыңдауға әзір екендіктерін жеткізді.

Кәсіподақ мүшелері өндірістегі жұмыстың зияндығын айта келе, зейнет жасын төмендету мәселесіне ықпал ету туралы өтініштерін білдірді. Әрі жалақыны тағы да өсіру мәселесін айтты.

Ақтөбе облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы А.Әмірғалиев бірлестік жұмысы туралы кеңінен түсінік беріп, олардың сауалдарына нақты жауаптар берді. Кәсіподақтар өкілдеріне кездесу барысында кәсіподақтың әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамыту жөніндегі облыстық үшжақты комиссия құрамындағы, келісу комиссияларының мүшелерін және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларды оқыту, салалық кәсіподақтардың бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен өзара іс-қимылдың және ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамыту жөніндегі жұмыс бағыттары туралы айтып берді.