“Ұстаз” кәсіподағы үздіктерді анықтады

«Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының жұмыстарының нәтижелігі бағаланатын болды.

Осыған сәйкес, АЛГПС «Ұстаз» жанындағы филиалдарында комиссия құрылып, портфолиолар қаралды, нәтижесінде берілген критерий бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орынды Алмалы ауданынан – №34 гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы И.Ляпунова, Түрксіб ауданы – №50 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Г.Рахметова иеленсе, 2-орынға №31 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  Ж.Уйсинбаева лайық деп танылды, №203 жалпы білім беретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы  К.Скакова 3 орынды қанжығасына байлады. Ал Жетісу аудандық филиалының 20 кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын қараған комиссия 10 үміткердің портфолиосын үздік деп таныды, соның ішінде қалалық сайысқа №102 бөбекжай-балабақша төрайымы Б.Каримсакованың жұмысы тапсырылды. Әуезов филиалында өтініш берген 16 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары бағаланып, іріктеу барысында бес портфолио назарға түсті. №141 ЖББМ бастауыш кәсіподақ төрайымы А.Сейлханова бірінші орынды иеленіп, жеңімпаздың жұмысы АҚЖКО-на жіберілді.