Білім қызметкерлері арасында шахмат пен тоғызқұмалақтан жарыс өтті

Сайрам ауданында білім саласы қызметкерлері арасында шахматтан және қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі және “Қазақстан Республикасының салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының” Түркістан облыстық ұйымына мүше “Шапағат-педагог” кәсіподағының ұйымдастыруымен өткізілген бұл жарыс жас ұрпаққа білім нәрін сіңіріп жүрген жандарды күнделікті өмірде салауатты өмір салтын ұстануға шақырды және зияткерлік ойындар арқылы логикалық ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етті. Ойын барысында мұғалімдер бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жетіп, төрешілердің шешімімен орындар тағайындалып, жеңімпаздар анықталды.

Шахмат жарысы бойынша І орынды №63 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің командасы, ІІ орынды №83 А.Байтұрсынов ат. ЖОМ, №74 ЖОМ, №18 Ә.Құрмантаев ат. ЖОМ
ІІІ орынды №6 Киров ат. ЖОМ командасы иеленді.

Тоғызқұмалақ жарысы бойынша ерлер арасында І орынды №63 Қ.Сәтбаев ат. ЖОМ, ІІ орынды №20 С.Сейфуллин ат. МГ, ІІІ орынды №49 Ш.Уалиханов ат. ЖОМ мен № 69 Бескепе НОМ иеленді.

Әйелдер арасында І орынды №44 Мәдени ЖОМ, ІІ орынды №52 М.Өзтүрік ат. ЖОМ, ІІІ орынды№49 Ш.Уалиханов ат. ЖОМ мен №63 Қ.Сәтбаев ат.ЖОМ мұғалімдері иеленді.

Жеңімпаздар кубок, медаль, мадақтамалармен марапатталды.