Өз ісіне адал маман

Мұртаза Қарлығаш Батырханқызы 1963 жылы дүниеге келген, 1986 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің араб тілі бөлімін аяқтаған.

Алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы №9 мектеп-интернатта араб тілінен сабақ беруден бастады.

Кейін 1991-2013 жылдары аралығында Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық университеттің Шығыстану факультетінде оқытушы, “Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорында” маман болып қызмет атқарады.

2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Ақпараттық-имидждік жұмыстар орталығының жұртшылықпен байланыс секторының редакторы болып еңбек етіп келеді.

Қарлығаш Батырханқызы өзінің ұзақ жылғы іс тәжірбиесін осы атқарып отырған қызметінде тиімді пайдаланып, керек болған жағдайда қажетті шешім қабылдай алады. Өз әріптестеріне жұмыс барысында тиімді кеңестерін беріп отырады.

Сонымен қатар, орыс тілінен қазақ тіліне мәтіндерді аударады. Цадок бен Давидтің «Түн ортасының арғы беті» көрмесіне арналған және Музейдің ашылуының 1 жылдығына орай шығарылған «Ұлттық музей. Алғашқы қадамдар» альбомдарының мәтіндерін қазақ тіліне аударған.

Әртүрлі тақырыптағы «Нан және раушан гүлдер», «Рухани жаңғыру: ғасырлар тоғысындағы «АРТ» өнері», «Заманауи бейнелеу өнері», «ҚР Ұлттық музейі», «Ұлттық музей коллекцияларындағы зергерлік өнер», «Көшпенділерден кейінгі ой-өріс», «Қазақстан қазынасының жандану», халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында шығарылған каталогтар, Мемлекеттік Эрмитаж жинағынан «Батыс пен Шығыс қару-жарағы», «Қытай императоры Цинь Шихуандидің терракота әскері» сынды көрмелерге арналған каталогтарды қазақ тіліне аударды.

Музей ұйымдастырған «Музейге сый тарту» акциясын жүргізу үшін материалдар жинап, сценарийлер дайындады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің халықаралық қатынасына арналған меморандум, келісімдерді жасау туралы мәтіндерін қазақ тіліне аударады.

Атқарып отырған міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, тапсырманы дер кезінде орындап жүреді.

Қ.Мұртаза өз әріптестері арасында беделді. Ұжымда қажет болған жағдайда сын-пікірлерін де еркін айтады. Қызмет барысында өзін сауатты, тыңғылықты орындаушы ретінде көрсетуде. Ұжымда құрметке ие әрі әріптестерімен тіл табыса біледі. Өмірде қарапайым, моральдық жағынан ұстамды.

Ол 1986 жылдан бері кәсіподақ ұйымына мүше болып келеді. Кәсіподақ ұйымының жұмыстарына қолдау жасап, белсенділік танытады.

Еселі еңбегі еленіп, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне-25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан халқы Ассамблеясына-25 жыл» мерекелік медалімен, «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталған.