БҚО-да бос орындар жәрмеңкесі өтті

Орал қаласының ақпараттық-талдау жəне жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы жанындағы “Келешек” жастар қанатының қолдауымен “Еңбек ет те, өрге жет” арнайы бағыттар бойынша бос жұмыс орындар жəрмеңкесі өткізілді.


Биыл алғаш оздырылған жəрмеңкенің өткен жылғы жиындардан басты ерекшелігі – тек бір саланы қамтуы. Аталмыш шараға 20-ға тарта жұмыс берушілер қатысып, жұмыссыз жастарға 60-тан астам бос қызмет түрлерін ұсынды. Іс-шарада жалпы саны 300-ге тарта қала жастары, оқу орнын бітіруші түлектер қатысты. Айына екі бағытты қамтуға жоспарланған жәрмеңкеде келесі кезекте құқық қорғау органдары бойынша жұмыс іздеушілерге қызмет көрсетілмек.

Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар орталығы еңбеккер жастарға үнемі қолдау білдіріп, олардың әлеуметтік-мәдени, рухани жағынан дамуына атсалысады.