ҚР Еңбек заңнамасы бойынша оқу семинары ұйымдастырылды

Алматы қаласы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, ҚР еңбек заңнамасы бойынша оқыту-семинарын жалғастыруда.


2023 жылы 23 және 24 қаңтарда “Шаңырақ” әлеуметтік қызметтер орталығында кәсіподақ қызметкерлері үшін “ҚР еңбек заңнамасындағы өзгерістер” тақырыбы бойынша екі модульді сертификатталған семинар өткізілді.

Семинарды кәсіподақ орталығының бас маманы-заңгер, бизнес-жаттықтырушы, заң ғылымдарының магистрі Мадина Эдуартқызы өткізді.

Оқыту барысында лектор Еңбек кодексінің жаңа нормаларын және осы нормаларды қолдану практикасын атап өтті.

“Шаңырақ” әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлері Еңбек кодексі бойынша өзекті сұрақтар қойып, спикер тарапынан толыққанды жауаптар алды. Семинарда ҚР ЕК-нің жаңа нормалары, мысалы: еңбек қатынастарын цифрландыру және электрондық еңбек кітапшасы, жаңа әлеуметтік демалыстар және оларды ұсыну практикасы, демалыс күндері түнгі уақытқа сәйкес келетін жұмысқа ақы төлеу және ҚР ЕК-дегі басқа да өзгерістер талқыланды. Қатысушылар өткен оқу бойынша оң пікірлер қалдырды.