Мұғалімнің кәсіби бет-бейнесі – оның шәкірттері

Білім саласында біліктілігін арттырып, бар ілімін шәкіртінің санасына құйған, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұлағатты жолды таңдаған ұстаздардың бірі – №2 Хромтау гимназиясының биология пәні мұғалімі Шақпақова Гүлмира Амантайқызы. Педагогикалық еңбек өтілі – 34 жыл.

Гүлмира Амантайқызы алыс балалық шағында мұғалім болуды армандаған. Балалық шағында оқушы рөлінде болған қонжықтар мен қояндар оны мұғалімдік жолға түсуге шабыттандырды. Жылдар өтті, студенттік өмір, сынақтар мен емтихандардан сүрінбей өтіп, көптен күткен ұстаздық дипломы да қолына тиді.Биология пәнінің мұғалімі. Бұл студенттерге табиғат сырларын, адам анатомиясын танып білуге, қоршаған әлемге ұқыпты қатынасты қалыптастыруға көмектесетін қызықты педагогикалық мамандық.

Ұстаздық қызметінде Гүлмира Амантайқызының көкейінде жүрген сұрақ: “Балаларды қалай оқыту керек? Оқушылардың биологияны оқуға деген ішкі мотивациясын қалай дамытуға болады?” Сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізіп, кәсіби жарыстар мен олимпиадаларға қатысып, шәкірттерімен ғылыми жобаларды қорғай отырып, өзіне жауап іздеді. Мұғалім өз сабақтарын қойылған сұрақтарға өз бетінше жауап іздеу дағдыларын меңгеруге ықпал ететіндей, фактілерді талдау, жалпылау және логикалық қорытындылар жасау қабілетін дамытатындай етіп өткізеді. Оқытуда жоғары нәтижеге жету, әр ұстаздың тілегі. Гүлмира Амантайқызы осы мақсатта әр саладан алған білімдерін пайдалана отырып, балаларды ойлана білуге, мәселелерді анықтап, оларды шешуге білуге үйретеді. Пән бойынша өз білімін көрсетуге талпынған оқушыдан ешқашан бас тартпайды, сондықтан ниет еткен оқушылардың барлығын мектепішілік олимпиадаларға, зияткерлік ойындарға, зерттеу жұмыстарына, ғылыми жобаларға қатыстырады.

Мұғалімнің кәсіби бет-бейнесі – оның шәкірттері. Шақпақова Гүлмира Амантайқызының шәкірттері түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздары атанып жүр.

«Олимп шыңы» республикалық биология олимпиадасынан оқушылары 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Биология пәні бойынша бойынша республикалық олимпиададан Рамазан Айдар мен жеңімпаз атанды. «Дарын» облыстық ғылыми жобаларды қорғау байқауында шәкірттері жүлделі ІІ, ІІІ орынға ие болды.

Әрбір мұғалім өз іс-әрекеті барысында шәкірттерімен бірге дамып отырады. Сондықтан, Г.А.Шақпақова өзін-өзі тәрбиелеуге, заманауи педагогикалық инновацияларды зерделеуге, биология пәнін оқуға қызығушылықты оятуға ықпал ететін белсенді тәсілдер мен оқыту әдістерін өз тәжірибесіне енгізуге үлкен көңіл бөледі.

Үнемі шығармашылық ізденіс үстінде болатын талантты мұғалім Гүлмира Амантайқызы өзі де кәсіби жарыстар мен олимпиадалардың қатысушысы және жеңімпазы болып табылады.

Биология пәнінен облыстық пәндік олимпиададан 3 дәрежелі дипломын, республикалық мұғалімдер арасындағы «Үздік педагог-2022» олимпиадасынан – 2-дәрежелі дипломды иемденген. ҚР Білім және ғылым министлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды