Кәсіподақ төрағасын мерейтойымен құттықтады

Бүгінгі таңда «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ ШҚО филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков 70 жасқа толып отыр.

Мамандығы – инженер-механик, заңгер. Көп жылдар ауыл шаруашылығы саласында басшылық жұмыстарда болды, ШҚО облысының мәдениет, ішкі саясат басқармаларын басқарды. Облыс әкімінің орынбасары лауазымында да еңбек етті. 2017 жылдың 17 қаңтарынан «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ ШҚО филиалының төрағасы лауазымын атқарып келеді, алдағы уақытта да жұмыс істей беретініне сеніміміз мол. Түсіпхан Түсіпбеков соңғы бес жылда кәсіподақтың жұмыстарын оңтайландырып, кәсіподақ мүшелерінің санын көбейтуге, кәсіподақтың беделін арттыруға орасан зор үлес қосуда.

​Түсіпхан Түсіпбекұлы: «Кәсіподақ ұйымдарының ең басты мақсаты – Еңбек адамының жұмыс жағдайын, әлеуметтік ахуалын жақсарту», – деп санайды. Және салалық кәсіподақ ұйымының қызметін осы бағытта жаңа идеялар мен үлгілік жоспарлар арқылы жүзеге асырып келеді.