Білім қызметкерлері өзара бақ сынасты

Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен “Қазақстан Республикасының салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының” Түркістан облыстық ұйымына мүше “Шапағат-педагог” кәсіподағының ұйымдастыруымен Сайрам ауданының білім қызметкерлерінің арасында баскетболдан аудандық жарыс болып өтті. Жарысқа ауыл округтерінің білім ұйымдарынан құралған 8 құрама команда қатысты.

Әр команданың турнирге тыңғылықты дайындықпен келгені байқалды. Жарыс барысында білім саласының қызметкерлері допты межелі торға салуда бар шеберліктерін жұмсап, жарыс тартысты өтті.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, оқ бойы алға озып шыққан командалар шын ептілік пен топтық бірліктің үлгісін танытты. Жеңімпаз командалар айқындалып, турнир соңында Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің және “Шапағат-педагог” кәсіподағының громатасы және кубок, медальдармен марапатталды.