Жамбыл облысында үшжақты комиссия отырысы өтті

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтың төрағалығымен облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.


Комиссия отырысына облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары, жергілікті басқарма басшылары, барлық аудан әкімдері мен бірқатар өндіріс ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Жиында екбек қатынастарын реттеу, жалақыны уақтылы төлеу, лайықты еңбек жағдайларын жасау, еңбек адамының құқығы мен мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, жұмыскерлердің әлеуеметтік кепілдіктерінің сақталуы, облыстағы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру және «Жамбыл облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Жамбыл облысының жұмыс берушілерінің өкілі арасындағы 2021−2023 жылдарға арналған Келісімге енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша аймақтағы жұмыскерлердің жалақыларын көтеру мәселелері қаралды.

Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақовтың мәліметтері бойынша 2022 жылы облыстағы 1652 кәсіпорын 47538 мың жұмыскердің жалақысын орта есеппен алғанда 26,8%-ға көтергені айтылды. Ал 2022 жылы 36 жазатайым оқиғалар орын алып, онда зардап шеккендер саны 46 адам болған. Мерт болғандар саны 13 адамға жеткен. Осыған байланысты өңірде көп жазатайым оқиғалар орын алған ірі өндірістік кәсіпорын басшыларының есебі тыңдалды. Комиссия отырысына арнайы шақыртылған «Казфосфат» ЖШС-нің Бас директорының орынбасары Ерсін Сариев зауытта өндірістік жарақаттың алдын алу мақсатында, еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандар санының артқанын айтып, кәсіпорын «Vision Zero» нөлдік жарақат концепциясына қосылғанын айтты. Сонымен қатар биылғы жылдың қаңтар айынан бастап зауыттағы барлық жұмысшылардың еңбек ақысына 50 000 теңгеден қосылғанын айтты.

Сол сияқты қаладағы өңірдістік кәсіпорындардың бірі «Запчасть» АҚ-ның басшылары да өндірістік жарақаттың алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарып отырғандарын алға тартты.

Кездесуде сөз алған облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов жақында өткен ҚР Кәсіподақтар Федерациясының бас кенесінде қаралаған негізгі мәселелерге тоқталып, 2023 жыл Кәсіподақтар Федерациясымен «Қауіпсіз еңбек жылы» болып жарияланғанын жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту мақсатында техникалық еңбек инспекторларының жұмысын ынталандыру мәселесін қарастыру қажеттігін де атап өтті. Сонымен қатар, қауіпсіз еңбек жылына орай алдағы өтетін обылстық үшжақты комиссия отырысын ірі өндірістік кәспорын «Казфосфат» ЖШС-де өткізуді ұсынды.

Комиссия отырысын қорытындылаған Нұржан Календеров өңірдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге байланысты үшжақты комиссияның аудандар мен қала деңгейінде де жүйелі жұмыс атқарып, нақты нәтижеге жетуі қатаң бақылауда екенін ескертті. Аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға хаттамалық тапсырмалар беріліп, нақты міндеттерді жүктелді.