Ұстаз – ұлы есім

«Еңбеккер бейнесі» айдарының бүгінгі кейіпкері – Маңғыстау облысы білім басқармасының «№2 арнайы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Айгүл Нұрымова.

Нұрымова Айгүл Мұратқызы еңбек жолын балабақшада тәрбиеші болып бастады, кейін №2 мамандандырылған мектеп-балабақшаға қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2006 жылы директордың тәрбие жұмысын жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Мекемеде жұмыс істеген жылдары тәрбие жұмысын, көптеген мәдени іс-шараларды өткізді, мектеп оқушыларын Республикалық «Жұлдыз» фестиваліне, сондай-ақ, оқушылар жүлделі орындарға ие болған өзге де халықаралық, республикалық, облыстық, мектепішілік спорт жарыстарына дайындауға қатысты.

2016 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының ұсынысы бойынша ерекше балаларға арналған «Мұнайлы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ меңгерушісі болып тағайындалды. Бір жылдан кейін ол Маңғыстау облысы білім басқармасының «№2 арнайы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры болып тағайындалады. Директор лауазымына тағайындалған сәттен бастап мекеме жұмысына белсенді қатысты.

Айгүл Мұратқызы өмірінде көрнекті қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің сөзіне сүйенеді: «Педагогикалық іс – өте нәзік, қасиетті іс. Ол өте сезімталдықты, балаға деген өлшеусіз сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты қажет етеді. Шәкірттерді сүйе білген оқытушы ғана қатал талапты, өнегелі беделді тәрбиеші бола алады».

Көп жылғы және мінсіз еңбек қызметі үшін Айгүл Мұратқызы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Жастар жетістері» қоғамдық қорының Алғыс хатымен, «AGZHAN» Ғылыми-білім беру орталығының алғыс хатымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Құрмет грамотасымен, «Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Құрмет грамотасымен, сондай-ақ, Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевтың алғыс хатымен марапатталды.