Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары бас қосты

Бұқар жырау аудандық комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес бастауыш ұйым төрағаларының қатысуымен комитет отырысы өтті.

Комитет отырысы математика пәнінен Халықаралық Олимпиада жүлдегерін марапаттаудан басталды. «С.Торайғыров атындағы Тірек мектебі РО» КММ мұғалімі Ербол Нұрқанатқа Қазақстан шипажайына тегін жолдама сертификаты табысталды.

Отырыста филиалдың 2022 жылғы жұмыс қорытындысы және 2023 жылға арналған алға қойылған міндеттер туралы мәселелер бойынша төрайымы Э.Хамитова сөз сөйледі. Сонымен қатар, педагогтерді аттестаттау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  2022 жылғы кәсіподақ бюджетінің кірістері мен шығыстарының сметасын орындау, іс номенклатурасын бекіту және т.б. бойынша есепші Г.Алискарова мәлімдеді. Отырыс барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өздерін толғандыратын барлық сұрақтарға толық жауап алды.