Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – мейірімділікті, жанашырлық пен қамқорлықты дәріптейтін мереке.
Алғыс айту күні – өз тарихымызға, Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарына деген зор құрметтің белгісі.
Мейірімділік, өзара көмек көрсету және бір-біріне деген құрмет мемлекетімізде барша қазақстандықтар бағалайтын және мақтан тұтатын бірегей достық пен өзара түсіністік атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыру жолында ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылып, Әділетті Қазақстанды құру үшін кешенді шаралар қолға алынуда.
Сіздердің ерлік пен қажыр-қайраттарыңыздың арқасында еліміздің іргесі бекем, халқымыз тату-тәтті, бейбіт тірлік кешуде.
Сіздерге және отбасыларыңызға бақ-береке, толағай табыс, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!
Ізгі ниетпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
Сатыбалды Дәулеталин