Салалық кәсіподақ «Қауіпсіз еңбек жылына» арналған іс-шараларды бекітті

Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде филиалдың 2022 жылғы қызметі туралы, халықаралық ынтымақтастық туралы, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы мәселелер және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелер қаралды.

Отырысқа Филиалдың құрылымдық бөлімшелері мен мүшелік ұйымдарының кәсіподақ жетекшілері, сондай-ақ Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлерінің салалық кәсіподағы орталық аппаратының шақырылған өкілдері қатысты.

Филиал төрағасы Тілеулес Мадьярова кәсіподақ активіне Атқару комитетінің қаулысымен бекітілген 2022 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебін, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Және отырысқа қатысушылардың назарына ҚРКФ Бас кеңесі мен Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлері кәсіподағының салалық кеңесінде қабылданған шешімдерді жеткізді.

Кеңеске қатысушылар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға байланысты ҚРКФ-ның Үндеуімен танысып, кәсіподақтардан депутаттыққа кандидаттарды қолдауға өз пікірлерін білдірді.

Отырысқа қатысқан Салалық кеңестің төрағасы Құсейін Есенғазин өз сөзінде ҚРКФ Бас кеңесінің 2023 жылғы қаулысымен: «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жарияланғанын атап өтті. Негізгі міндет-қызметкерлер үшін қауіпсіз еңбек ортасын құру. Мұнда кәсіподақтар маңызды рөл атқарады. Еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылаудың маңызды түрлерінің бірі өндірістік кеңестердің жұмысын ұйымдастыру болып табылады, мұнда қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына ішкі бақылауды еңбекті қорғаудың техникалық инспекторлары жүзеге асырады.

Қауіпсіз еңбек жылына арналған іс-шараларды іске асыру шеңберінде салалық кеңес «Қауіпсіз еңбекке «ИӘ» ұранымен бейнероликтер конкурсын өткізу туралы шешім қабылдады.

Күн тәртібіндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне қатысты филиал төрағасы Қазақстанға мамыр айында жұмыс сапарымен келетін Беларусь құрылыс және құрылыс материалдары өнеркәсібі жұмысшылары кәсіподағының Минск қалалық ұйымының делегациясын қабылдауды ұйымдастыру туралы сөз қозғады.

Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары кәсіподақ жұмысының сапасын арттыру бойынша пікір алмасты, өзекті сұрақтарына жауап алды.