Құрметті асыл аналар мен сүйікті арулар!
Сіздерді 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әдемілік пен мейірімділіктің белгісіндей болған әйелдер қауымы – еліміздегі бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы.
Өмірге көрік беретін, көңілге шуақ себетін, бір отбасын ғана емес, әлемді нұрландырып, тіршілікке сән беретін әйел-ананың қоғамдағы орны әрқашан айрықша болмақ. Бүгінде әйелдер қоғам өмірінің барлық саласында белсенді де беделді еңбек етуде.
Кәсіподақ ұйымдарындағы арулар қауымы да егемен еліміздің одан әрі өркендеуі мен гүлденуі жолында аянбай қызмет етіп келеді. 2 миллионға жуық адамды біріктіріп отырған Кәсіподақтар федерациясында түрлі салаларды бағындырып жүрген қыз-келіншектер, аяулы аналар бар. Біз Сіздерді мақтан етеміз!
Мерейлі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, өмірлеріңізге береке, әр күндеріңізге қуаныш пен мереке тілеймін!
Арамызда жарқырап, жайнап жүріңіздер, бақытты ғұмыр сүріңіздер!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин