Еңбеккерлердің өзекті мәселелері талданды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кезекті кездесуін «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Анарметов» ЖШС кәсіподақ мүшелерімен өткізді.


Өңірде жолаушылар тасымалдауымен айналысатын кәсіпорында бүгінде 50 еңбеккер еңбек етуде. Олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.

Жиын барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар, биыл Кәсіподақтар федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартып еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Кездесу соңында кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.