Талдықорған қаласында «Бұлақ көрсең – көзін аш» акциясы ұйымдастырылды

«Бұлақ көрсең, көзін аш!» акциясы Талдықорған қаласынан 1 шақырым қашықтықта орналасқан «Кардон» бұлағында өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – бұлақ көздерінің жойылып кетпеуін қадағалап, жан-жағын тазарту, жастарды табиғатты қорғауға баулу. «Бұлақ көрсең, көзін аш!» акциясына облыстық кәсіподақтар орталығының «Келешек» Жастар кеңесі, Талдықорған орман шаруашылығы, Жетісу құрылыс-техникалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері белсенділікпен атсалысып, бұлақ маңына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, қоқыстардан тазартты.


«Жер анаға қол ұшын созсақ, Жер ананың бізге берері көп. Ендеше, қолдағы бар дүниені сақтап, қадірін түсіне білген жөн. Табиғатымызды аялап жерімізде тазалық сақтайық», – деген тақта орнатты. Осындай бағыттағы игі іс-шаралар әрқашан өз жалғасын табады.