Ақтөбеде кәсіподақ ұжымы ардагерлерге құрмет көрсетті

Күн мен түн теңеліп, жыл келгенін білдіретін Наурыз мейрамын Ақтөбеде аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұжымы да кеңінен атап өтті. Кәсіподақ ғимараты алдында қала тұрғындарына арнап дастархан жайылды. Тұрғындар бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татты.


Мерекелік шараға Салалық және Жергілікті кәсіподақтардың Ақтөбе филиалдарының жетекшілері мен қызметкерлері бас қосып, бір-бірлеріне ізгі лебіздерін білдірді.

Бұл жиынға ұжым мүшелерімен бірге ұзақ жылдар кәсіподақ саласында еңбек еткен еңбек ардагерлері де шақырылды.

Ақтөбе облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы А.Әмірғалиев биылғы жылдың ерекшеліктеріне тоқталып, еңбек адамының әлеуметтік құқығы мен мүддесін қорғау жолындағы көп жылдарғы жемісті еңбектері үшін кәсіподақ саласының ардагерлерін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Наурыз мейрамын атап өтуге Ақтөбе облыстық инспекция басқармасының басшысы А.Мырзалин де қатысты.

Мерекелік шарада Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығы ұжымына ардагерлер ақ батасын берді. Ардагерлер Түркенбай Айжарықов, Құрания Аймағамбкетов, Роза Балдығарина, Ақжеміс Жаналина т.б. ардагерлер ризашылықтарын білдірді.

Кәсіподақтар Әз-Наурызды мерекелеп, жаңа жыл басымен осылайша жақсы көңіл-күймен қауышты.