Медицина мамандарына кәсіподақ тарапынан 100 жолдама берілді

Қызылорда облыстық «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы емдеу мекемелерінде қызмет атқаратын сала мамандарына 100 дана тегін жолдама табыстады. Жолдамамен кәсіподақ мүшелері Сарыағаш шипажайында демалып, өз денсаулықтарын оңалтатын болады.

Наурыз мерекесі қарсаңында облыстық салалық кәсіподақ төрағасы Асылхан Аблайханұлы кәсіподақ белсенділерін құттықтап, аталған сертификаттар мен бастауыш ұйымдарға арналған сый-сияпаттарды тапсырды.

Мерекелік шараға әлеуметтік әріптестік аясында Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ж.Шаймбетов қатысып, құттықтау құрметін білдірді.

Сонымен қатар, бірқатар сала мамандары «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің марапаттарымен марапатталды.