Наурыз мерекесіне орай сенбілік өткізілді

Ұлыстың ұлы күнінде табиғат ана да тазарып, түлеуді бастайды. Көктеммен келген қарбалас шақ еңбек адамын тәрбиелей келе, тәртіп пен талғамның биік болуына дәріптейді. «Тазалық – табалдырықтан басталады», – демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы ретте тазалықты жанына серік еткен «Манкент Шипажайы» акционерлік қоғамының кәсіподақ мүшелері халқымыздың ежелгі мерекесін сенбілік өткізумен бастауды құп көріп санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру мақсатында сенбілік өткізді.


Шипажай аумағында жаппай сенбілікке шыққан мекеме қызметкерлері қызу тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысып, өздеріне бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізіп, қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Бұл шара демалушылардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалып-тастырумен қоса, шипажайдың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Айта кетерлігі, бүгінде аталған ұжымда жалпы 204 қызметкер жұмыс атқарады. Барлығы кәсіподақ мүшелігінің құрамында. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бегзад Азизов.