«SENIM» кәсіподағының Маңғыстау облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарын Наурыз мерекесімен құттықтады

Наурыз мерекесі қарсаңында «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Маңғыстау облыстық филиалы денсаулық сақтау қызметкерлерін белсенді және жемісті жұмысы үшін «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ мен облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен атап өтті.

Күннің бірінші жартысында Жаңаөзен қаласының медициналық ұйымдарының, атап айтқанда № 1, 2, 3 Жаңаөзен қалалық емханаларының қызметкерлерін, кәсіподақ мүшелерін мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, филиал «SENIM» кәсіподақ комитеті ұйымдастырған №2 Жаңаөзен қалалық емханасының мерекелік іс-шарасына қатысты. Мерекенің салтанатты ашылуында №2 ЖГП директоры С.Танаева және «SENIM» кәсіподағының облыстық филиалының төрағасы К.Бейсенов барлық қатысушыларды жылдың ең жарқын – Наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекенің салтанатты ашылуынан кейін кәсіподақтан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік іс-шара барысында дәстүр бойынша қонақтарға емхана қызметкерлерінің күшімен дайындалған музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетілді. Қонақтар мен қатысушылар мереке мен көңілді атмосфераны толық сезінді.

Түстен кейін филиал қызметкерлерді, облыстық денсаулық сақтау басқармасының кәсіподақ мүшелерін және медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментін құттықтады. «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ Құрмет грамоталарымен БКД бас бухгалтері М.Рспагамбетова, БКД бастауыш ұйымының төрағасы А.Муханова және бас маманы М.Қайырғали марапатталды.

Барлық қатысушыларға және марапатталған кәсіподақ мүшелеріне кәмпиттер себеттері мен ұлттық кәмпиттер сыйлық қораптары берілді.