«Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» еңбеккерлерді құттықтады

Наурыз – жылдың басы, күн шуақтары жер мен адамдардың жүректерін жылытатын уақыт. Наурызда әрбір адам ел аралап, қыстан аман-есен шықтық-ау деп туыс, жекжат, жұрағатпен көрісіп, құшақтасып амандасады.


Ата-бабалар заманынан келе жатқан дәстүрмен «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ төрағасы Сабржан Қали, бас бухгалтер Акима Бердибекова, офис-менеджер Зәмзәгүл Аманголова және Диагностика басқармасының техникалық құжаттар инженері Лиза Уржанова «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері – кәсіподақ мүшелерін аралап, жағдайын сұрап, наурыз көже таратты.

АЖК ұжымы қыстың суығына, жаздың ыстығына қарамай әрқашан Алматы қаласы мен облысының тұрғындарын электрэнергиямен тұрақты түрде қамтамасыз етеді. Олар жер асты кабелдерін, әуе желілерді, қосалқы станцияларының құрал-жабдықтарын уақтылы жөндеп, апаттық жағдайлар болғанда күні-түні жұмыс жасайды. Қазіргі уақытының батырлары деп айтуға болады, себебі үйдегі, жұмыстағы құрал-жабдықтар, осы оқып отырған құрылғыңыз да электрэнергияға тәуелді.

Осындай батырлардың жұмыс орындарына «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» белсенділері барып, наурыз көже мен бауырсақтарды ұсынып, өз алғыстарын айтты.