Кәсіпорынның келісу комиссиясы – еңбек дауын шешудің қажетті шарттары

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері төрайым Д.Айтжанованың басшылығымен «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасында жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясының мүшелерімен кездесті.


Кездесудің мақсаты – қолданыстағы еңбек заңнамасының ережелерін түсіндіру.

Оңтүстік-шығыс өңірінің «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ біріккен кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары Н.Пфейфер еңбек дауларының туындауының алдын алу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова қатысушыларға «Еңбек даулары мен жанжалдарды шешу тәртібін оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін түсіндірді.

«Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан ашылған татуластыру орталығының міндеттері еңбек дауларының туындауының алдын алу және медиация арқылы туындаған еңбек дауларын шешу – медиатордың (медиаторлардың) қолдауымен тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында Тараптар арасындағы дауды (жанжалды) реттеу рәсімі болып табылады. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі келісім комиссиясының мүшелерін оқытуда, татуластыру келіссөздері мен медиация рәсімдерін өткізуде қажетті көмек көрсетуге әрқашан дайын», – деп атап өтті Д.Айтжанова.