Елордалық кәсіподақтар өзекті мәселелерді ортаға салды

Бүгін «Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Диас Қозыбаев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында түсіндірме жасады. Ол өз сөзінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы жаңашылдықтар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және жоюдың маңыздылығы туралы айтты.

Әрі қарай Астана қаласының Кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов ҚРКФ-ның «Халық бюджеті» жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылғанын жеткізіп, жобаға қатысу үшін кеңес мүшелеріне белсенділік танытуға шақырды. Сонымен қатар, Кәсіподақтар федерациясының «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесу өткізу мәселесі талқыланды және «Қауіпсіз еңбек жылы» аясында өткізілетін іс-шаралар барысы пысықталды.

Отырыс соңында Т.Күнәділов Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының Ташкент қалалық кеңесі мен Астана қаласының Кәсіподақтар орталығы арасындағы ынтымақтастық байланысының алғы бастамасы туралы айтып өтті.