Павлодар облысы АКБ «Татуласу орталығында» азаматтарды қабылдау өткізілді

2023 жылғы 3 сәуірде Одақтар үйінде Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының кабинетінде «YNTYMAQ» орта және шағын бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Павлодар филиалының төрайымы, Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы  Гүлзира Атабаева азаматтарды қабылдады.


Құрылыс кәсіпорнының қызметкері еңбек заңнамасын түсіндіру туралы өтінішпен жүгінді.

Ол Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 3-тармақшасы бойынша жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты еңбек шартын бұзу туралы жұмыс берушіге хабарлама алды.

Қызметкерді жұмыс берушінің жұмысынан айырылуына байланысты оған өтемақы төлеу мәселесі қызықтырды.

Қабылдау барысында өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 131-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс беруші жұмысынан айырылуына байланысты екі айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдерін жүргізетіні түсіндірілді.

Жұмыс беруші өтемақы төлемін өндіруден бас тартқан жағдайда, жеке еңбек дауын шешу үшін осы құрылыс кәсіпорнының жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі келісім комиссиясына қызметкер өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиіс күннен бастап бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде жүгіну қажет.

Еңбек дауын медиация тәртібімен реттеу үшін қызметкерге Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығына Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3 2а кабинет мекенжайы бойынша жүгіну құқығы туралы түсіндірілді.