Кәсіподақ мүшелері арасында жыл сайынғы бильярд турнирі өтті

Алматы қаласында «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ мүшелері – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ қызметкерлері арасында жыл сайынғы бильярд турнирі өтті.

Турнирдің мәртебелі қонағы ретінде Қазақстан Республикасы бильярд спорты федерациясының ұлттық санаттағы төрешісі Аркен Ахмедов және «Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы  Оразбек Бекбас қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирдің басты мақсаты ұжымдарды біріктіру, кәсіподақ имиджін арттыруға ықпал ету болып табылады. Сондай-ақ, қатысушылардың бойындағы табанды, жеңіске деген ерік жігерін шыңдау.

Бильярд турнирі екі жеңіске дейін және екі жеңіліске дейін халық «американдық» деп атайтын «еркін пирамида» жүйесі бойынша өтті.

Турнир соңында қорытынды бойынша 1 орынды Сенімділікті бақылау және еңбек қауіпсіздігі басқармасының басшысы Б.Бисенов, 2 орынды Корпоративтік қаржы бөлімінің бас маманы Б.Құлсумақов, 3 орынды «Өтеген батыр» РЭҚ шебері Қ.Қалқабаев иеленді.