Кәсіподақтар – қауіпсіз еңбек үшін

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясында Федерация басшылығының қатысуымен облыстардың аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен кеңес өтті.


Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин атап өткендей, 27 қаңтарда ҚРКФ Бас кеңесінің отырысында Қауіпсіз еңбек жылы деп жарияланған 2023 жылы кәсіподақ қызметі еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға бағытталған кәсіподақ қызметін қолдайтын жұмыс берушілермен және уәкілетті мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен және ағымдағы жылғы 19 наурыздағы сайлауда сайланған облыстардың, қалалар мен аудандардың мәслихаттарының депутаттарымен сындарлы әлеуметтік әріптестікте жұмыс істей отырып, өндірістің барлық салалары мен қызмет салаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу және төмендету жөніндегі практикалық күнделікті жұмысқа бағытталуы тиіс.

Бұған дейін Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінде республикалық жоспарға сәйкес әзірленген өңірлік кәсіподақ ұйымдарында Қауіпсіз еңбек жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары алқалы түрде бекітілді.

Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы кәсіподақтарының өкілдері Кәсіподақтар федерациясының еңбек адамдарының өмір сүру сапасын арттыруға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, еңбек мәдениетін дамытуға, техникалық инспекторлар мен кәсіподақ қозғалысының мүшелерін оқытуға бағытталған бастамаларын, еңбек заңнамасына еңбек адамдарының әл-ауқатына бағытталған өзгерістер енгізу жөніндегі бастамаларын қолдады.