Кәсіподақ қолдау көрсетті

Қызылорда облыстық «SENIM» кәсіподағы мен филиал төрағасы Асылхан Аблайханұлына кәсіподақ мүшелері алғыс білдірді. Облыс көлеміндегі емдеу мекемелерінің кәсіподақ мүшелері еңбек қатынастары бойынша құқықтарын қорғауда денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалы мамандарына жүгінуі артып, жүйелі түрде құқықтық көмек алуда.

Кәсіподақ мүшелерінің филиал мамандарының кұқықтық көмек берудегі кәсібилігі мен кәсіподақтардың еңбек адамы мүддесін білдірудегі негізгі қағидаларын ұстануына ризашылықтарын білдірген арнайы хаты Сенім кәсіподағына сенімнің артып келе жатқандығы көрінісі. Алғыс хатты филиал мамандарынан кезекті құқықтық көмек алған облыстық тері-венерология диспансері дәрігерлері жолдаған, аталған ұжымда біршама уақыттан бері шешімін таппаған жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынасы мәселесі кәсіподақтардың заңнамалық түсіндірмелері аясында шешімін тапты.