Оралда кәсіподақтың ұйымдастыруымен алғаш рет «Қадір оқулары» өтті

Оралда Қ.Мырзалиев атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қадыр оқулары» облыстық байқауының қалалық білім беру мекемелері арасындағы іріктеу кезеңі өткізілді.

Байқауға 45 қалалық білім беру мекемелерінің атынан 120-ға тарта кәсіподақ мүшелері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру және нығайту, Жерлес ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын педагогтар арасында насихаттауды басты мақсат еткен «Қадыр оқулары» байқауының ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тілеп, өз алғысын білдірді.

Жүйріктер сайысында топ жарып, жеңімпаз атанған қатысушы облыстық байқауға жолдама алды.