Шымкентте еңбек қатынастары мәселелері талданды

ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2023 жылды – «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы міндетін атқарушы Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Қазпошта» ұжымымен кездесті. «Қазпошта» акционерлік қоғамы – жергілікті салалық кәсіподақтар ұйымына кіреді.


Жиында қатысушыларға кәсіподақтың рөлі мен мақсаты түсіндіріліп, ҚР Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік мемлекетке 15 қадамды қамтитын тұғырнаманың негізгі басымдықтары және еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы пайдалы кеңестер берілді.

Басқосуда АКБ төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2023 жылды – «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.

Өз кезегінде сөз алған Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжанов еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өндірістік жарақаттану, өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу, еңбекке қауіпті жағдайлардың алдын-алу жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.

Қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, баяндамашылармен пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарына жауаптар алды.

Айта кетейік, бүгінде «Қазпошта» мекемесінде 220 адам жұмыс жасайды. Барлығы – 100% кәсіподақ мүшелігінде.