Кәсіподақ мүшелеріне семинар-тренинг өткізілді

«Қазақстан ақпарат байланыс және телекоммуникациялар салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалы» Қазпошта қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық кеңесінің төрағасы Қалдарбек Абдраимов “Қазпошта” акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымында семинар-кеңес өткізді.

Семинар барысында қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар, биыл Кәсіподақтар федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартып еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.