Кәсіподақ көшбасшысы

Гүлдана Намазбекова – “№93 бөбекжай-балабақшасы” МКҚК кәсіподақ комитетінің төрағасы. Ол бұл балабақшада 11 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ол өзінің табанды еңбек пен тынымсыз ізденісінің, қажырлы қайраты мен білімінің және біліктілігінің арқасында жұмыс істеген жылдары бірнеше рет “Ұстаз” АЛГПС Құрмет грамотасымен, алғыс хаттарымен марапатталған. Бүгінгі таңда бұл ұйымның құрамында 36 адам бар және олардың барлығы кәсіподақ мүшелері.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлдана Намазбекова айтуынша, жетекші бар қасиетті бойында үйлестіре білген мықты тұлға болуы керек.

«Қажет кезде психолог, идеолог, саясаткер, менеджер де бола білуі қажет. Сонымен қатар, еңбек заңнамасы мәселелерінде құзыретті болу шарт. Өйткені, біздің басты оқулығымыз – ҚР Еңбек кодексі, оны дұрыс пайдалана білу бұл өте – маңызды. Қызметкерлердің психологиясы әртүрлі. Біреу кадрларға барады, біреу өз проблемаларымен кәсіподаққа баруды жөн көреді. Адамдар өз мәселелерін кім шеше алатынын сезінеді. Кейбір адамдар мен жай ғана сөйлесу жеткілікті. Сондықтан әрбір кәсіподақ жетекшісі өзінің көз алдындағы қызметкерлермен тығыз байланыста жұмыс жасап, олардың еңбек құқықтарының бұзылмауына қажетті жағдайларды жасап, үнемі кеңесін беріп, қажетті жағдайда еңбек адамының жанынан табыла білуі қажет. Кәсіподақ беделінің өсуіне кәсіподақ төрағасының өз жұмысының қажеттілігіне деген сенімі, адамдардың өтініштеріне ұқыптылық, адамдарды тыңдай білу, басшылықпен байланыса білу, ізгі ниет, жауаптылық, жұмыстағы жүйе, өзін-өзі тәрбиелеуі терең ықпал етеді», – дейді.

Маңыздылығы бойынша кәсіподақ ұйымы қызметінің қандай да бір бағытын бөліп көрсету мүмкін емес,барлығы тек адамдардың көңіл-күйі, олардың кәсіподаққа деген көзқарасы, кәсіподақ мүшесі болуға және кәсіподақ жұмысына қатысуға деген ұмтылысы барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылына байланысты.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Гүлдана Намазбекова өз ұжымының ұйымшылдығын, еңбек бірлігін мақтанышпен атап өтті. Ұзақ жұмыс кезеңінде осы күнге дейін бірде-бір жағымсыз оқиғалар болмаған. Ұжымда қызметкерлер әрқашан бір-бірін барлық жағынан қолдайды. Ұжымның бірлігі тек негізгі жұмыста ғана емес, сонымен қатар түрлі іс-шараларды өткізуде де көрінеді.Ұжымның басты дәстүрі-еңбек ардагерлерімен кездесу, ұжым қызметкерлерін кәсіби және күнтізбелік мерекелермен құттықтау, мерекелік концерттер өткізу, жаңа жыл қарсаңында мұғалімдер мен қызметкерлердің балаларына жаңа жылдық шырша өткізу. Оқу жылы аяқталғаннан кейін ұжымның табиғаттағы демалысы ұйымдастырылып отырады. Мұндай іс-шараны өткізуге “Ұстаз” АГЛПС Алмалы филиалының төрағасы – Оразалиева Раушан Дүйсебайқызы үлкен көмек көрсетіп, ол әрдайым кеңес пен ұсыным беріп, қолдау көрсетеді. Мысалы, мектеп қызметкерлері үшін жыл сайын санаторийге жолдамалар бөлінеді, Ыстықкөл сапарлары ұйымдастырылады , атаулы күндер мен кәсіби мерекелерге “Ұстаз” АГЛПС Алмалы филиалы мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерін құрмет грамоталарымен марапаттайды.

Гүлдана Намазбекова: «Біздің ұжым атынан Алматы қаласы “Ұстаз” АГЛПС басшысы Байгуттинов Серікжан Кадралиновичке біздің кәсіподақты нығайтуға және дамытуға зор үлес қосып, білім беру қызметкерлерін қолдағаны үшін алғыс айтқым келеді», – дейді.