Тазалық табалдырықтан басталады

Елорда әкімдігі жариялаған «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында “Нұрлы жол” вокзал кешенінің аумағында жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбілікке вокзал кешенінің ұжымы, сондай-ақ мердігер ұйымдар қатысты.

«Біз вокзал кешенінің аумағын таза ұстауға тұрақты көңіл бөлеміз. Осы жолы да кәсіподақ мүшелері қолдарына күрек, тырма алып, қоқыстарды жинады. Ағаштардың түбін әктеп, көғалдандыруға белсене қатысты. Барлығы 50 түп шырша, үйеңкі және басқа да ағаш түрлері отырғызылды», – дейді Нұрлы жол вокзалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бейімбет Ұлазбек.