Кәсіподақ әлеуметтік әріптестер арасында спорттық ойындар ұйымдастырды

Шалқар ауданында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай білім беру ұйымдарының басшылары арасында спорттың бірнеше түрінен жарыс өтті.


Турнир мақсаты – әлеуметтік әріптестер арасында достық, бірлік, ынтымақты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Қатысушылар тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, қол күрес, шағын футбол, волейболдан өзара сынға түсті.

Жарыс жеңімпаздары аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен дипломдарымен марапатталды. Үздік ойыншыларға аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, кубок табысталды.