БҚО-да медбикелер мерекесі атап өтілді 

БҚО әкімдігі ДСБ “Ауданаралдық сауықтыру ауруханасы” оңалту орталығы” ұйымдастыруымен ШЖҚ МКК Халықаралық медбикелер күніне орай орта медициналық қызметкерлер арасында конкурс өтті, оған “SENIM” Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Кусаинов Махамбет қатысты.

Махамбет Кәкімұлы SENIM Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы мейіргерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жеңімпаздарды сыйлықтар мен сертификаттармен марапаттады.

Ұлт денсаулығын сақтау ісінде біліктілігі мен жан жылулығын аямай, адам игілігі үшін қызмет етуге дайын тұратын мейіргерлер бар құрметке лайық.

Осындай жауапты істі атқарып жүрген мейіргерлер мерекесіне орайластырылған іс-шаралардың жалғасы ретінде С.Дюсенов атынан БҚО әкімдігі ДСБ “Облыстық көпбейінді аурухана” ШЖҚ МКК-де өткен салтанатты жиналыста төсбелгі, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.