Салалық кәсіподақтың Атқару комитетінің отырысы өтті

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Түркістан облыстық филиалының Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті.


Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және кәсіподақ активі қатысты.

Жиынды салалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Күлдар Есебаева ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде аудандық кәсіподақ комитет төрағаларының атқарылып жатқан жұмыстары, 2023 жылға бекітілген іс-шара жоспарларының, кәсіподақтың жоғарғы органдарының тапсырмаларының орындалуы талқыланды.

Сондай-ақ, алда келе жатқан, 23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне арналған іс – шаралар жоспары пысықталды.

Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева, «Біздің басты құндылығымыз – еңбек адамы. Біздің қабылдаған әрбір шешіміміз еңбек адамдарының мүдделерін қорғауға бағытталған. Осы ретте қол жеткізген табыстарымыздың барлығы бірлесіп – ынтымақпен атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі» – деп, қатысушыларға алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Жиын соңында кәсіподақ төрағалары өзара пікір алмасып, алдағы жұмыстардың нәтижелі боларына нық сеніммен тарасты.