Мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін дамыту мәселесі талданды

«ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының өкілдері мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен оң имиджін арттыруға бағытталған «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының өңірлік кезеңін өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысына қатысты.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Ербол Жолданғардың төрағалығымен комиссия 20 қатысушы, Қарағанды өңірінің мемлекеттік қызметшілері ұсынған эсселер мен бейнелерді, конкурс қағидаларына сәйкес әңгімелесу өткізу кезінде сұрақтарға жауаптарды алқалы түрде қарастырды.

Қызықты және көп аспектілі диалог орын алды, мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар ұсынылды.