Еңбеккерлердің денсаулығы мәселесі үшжақты комиссияның отырысында қаралды

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.


Күн тәртібінде «Жалпы үрдістерді анықтау және ескерту шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттанудың жай-күйіне және кәсіптік аурудың алдын алуға мемлекеттік және қоғамдық бақылау жүргізу туралы» және «Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою туралы» мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Қарағанды облысы басқармалары мен департаменттерінің басшылары Ирина Любарская, Юрий Залыгин, Кенгирбай Есенеев, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ еңбекті қорғау және персонал жөніндегі директорлары Владислав Воропаев және Елена Винокурова, тау-кен байыту кешенінің бас инженері Дидар Нурекин, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс кәсіптік патологы, медицина ғылымдарының докторы, «Қарағанды қаласының медициналық университеті» КЕАҚ кәсіптік Денсаулық клиникасының профессоры – Айгүл Аманбекова, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Болат Жұмабеков, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Жақтау» металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин сөз сөйледі.

Талқылауға Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының мүшелері Сергей Белкин, Серік Торыбаев, Максим Аблин, Владимир Быков қатысты.

Екінші мәселе бойынша Қарағанды облысы басқармаларының басшылары Әсем Жүніспекова, Ирина Любарская, Бибігүл Толегенова, Гүлсім Қожахметова, Дастан Құдабаев сөз сөйледі.

Өз сөзінде Болат Жұмабеков комиссия мүшелерінің назарын кәсіби Денсаулық клиникасының мәртебесін нығайтуға аударды. Мәселен, өткен жылдың желтоқсан айында комиссия отырысынан кейін Қарағанды облысы басшылығының хатын назарға ала отырып, Кәсіптік патология мәселелері денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрініс тапты.

Қарағанды облысының аумағында елдің негізгі тау-кен металлургиялық кәсіпорындары шоғырланғанын ескерсек, денсаулығын зиянды және ауыр жағдайларда жоғалтқан еңбек адамдарын қолдау және қалпына келтіру мәселесі өзекті болып саналады.

Осы мәселені бірлесіп шешу, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту үшін Қарағанды облысында 2023 жылғы 26 мамырда Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті сессиясында тіркелгеннен кейін жұмысқа кірісетін «Еңбек» депутаттық тобы құрылды.
Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Қарағанды облыстық үшжақты комиссиясының, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысы Кәсіподақтар Орталығының және «Еңбек» депутаттық тобының мүшелері кәсіптік аурудың (кәсіптік патологияның) алдын алу мәселесін денсаулық сақтауды дамытудың 2024 жылға арналған жоспарына енгізуге қол жеткізуі қажет.