Кәсіподақ еңбек қауіпсіздігіне арналған кездесулер ұйымдастыруда

Еңбек қауіпсіздігін қорғау – жұмыс кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Осы орайда Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Г.Құлекенова аудандағы білім беру мекемелеріне қоғамдық бақылау жүргізді.

Атап айтқанда, кәсіподақ көшбасшысы М.Тәжин атындағы орта мектебі мен «Нұр-Тілек» балабақшасында кәсіподақ мүшелері үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларынының жасалуы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығының сақталуына назар аударды.


Қоғамдық бақылау барысында еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңестер берілді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыстары, ұжымдық шарт талаптарын орындау, еңбек шарттарының жүргізілуі бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.