Поздравление Председателя Федерации профсоюзов с Днем государственных символов Республики Казахстан

Құрметті әріптестер!
Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жылы маусымда тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі, кез келген тәуелсіз елдің тірегі, егемендіктің айғағы. Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – біздің ортақ мұрамыз, патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің, оның тарихына, мемлекеттік тіліне, мәдениеті мен дәстүріне деген терең құрметтің қайнар көзі. Біз рәміздерімізді қастерлеп, олардың мәнін ұғынуға міндеттіміз.
Тәуелсіз еліміздің лайықты болашағы біздің бірлескен күш-жігерімізді, жасампаз және жемісті еңбегімізді қажет етеді.
Бүгінде Қазақстанның рәміздері бүкіл әлемге танылып, елімізге деген патриоттық сезімді оятады. Қазақстан Республикасының туын халықаралық көрмелерде, жарыстарда, кездесулерде жиі көруге болады.
Осы жарқын, мерекелі күні Сіздерге және отбасыларыңызға амандық, бақыт, бейбітшілік пен мейірімділік тілеймін! Отанымыз, Қазақстанымыз өркендеп, Тәуелсіздік туы биікте желбірей берсін!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин