Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
23 маусым – әлемдегі барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін ортақ кәсіби мереке. 2002 жылғы 20 желтоқсандағы Бас Ассамблеяның 57-сессиясында БҰҰ 23 маусымды Мемлекеттік қызметкерлер күні деп жариялау туралы қарар қабылдады.
Мемлекеттік қызметкерлер– билік пен халық арасындағы алтын көпір. Бұл мамандық адамнан кең білімді, үлкен жауапкершілікті, төзімділікті талап етеді. Себебі, халық баршаңыздан жоғары кәсіби біліктілікті, адамгершілікті, ұлтжандылықты, заңдылықты сөзсіз орындауды күтеді.
Әлеуметтік және экономикалық өзгерістер көп жағдайда Сіздердің қызметтеріңізге байланысты. Себебі, жоғары кәсіби, ұйымшыл, заңды әрі тиімді басқару болған мемлекет қана гүлденеді, өсіп-өркендейді. Халықтың әл-ауқатын арттыруда, мемлекеттік бағдарламалар мен ауқымды реформаларды жүзеге асыруға әрқайсыңыздың үлестеріңіз зор.
Ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Сондықтан да мемлекеттік қызметші болу – мәртебелі міндет.
Бүгінгі мерейлі мерекеде Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және еліміздің игілігіне бағытталған қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін!
Мерейлі мереке құтты болсын!
Құрметпен,
ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин