Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем работников СМИ

Құрметті бұқаралық ақпарат қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпарат саласы қоғамдық пікірді қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Еліне адал қызмет ету, халқының үні болу – әрбір журналистің абыройлы борышы.
Сіздер жасампаздық пен ізгіліктің жаршысы болып, мемлекеттік құндылықтарды насихаттап келесіздер. Әр адамның тағдырына бей-жай қарамай, қарапайым еңбеккерлердің өмірі мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған көптеген мәселелерді қоғам назарына ұсынуға белсенді түрде атсалысып келесіздер. Бұл – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір азаматы үшін де баға жетпес.
Сіздер қажырлы еңбектеріңіздің және табандылықтарыңыздың арқасында Жаңа Әділетті Қазақстан құруда мәдени-әлеуметтік ықпал ете аласыздар.
Бүгінде Кәсіподақтар федерациясы бұқаралық ақпарат құралдарымен сындарлы диалог орнатқан. Қоғам өмірінде белсенділік танытып, Еңбек адамының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында өткір де өзекті мәселелерді көтеріп жүрген ерен еңбектеріңіз бен өзара ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін.
Осындай мерейлі мереке күні Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, жауапты қызметтеріңізде толағай табыс тілеймін!
Қаламдарыңыз ұшқыр, жазарларыңыз ұтқыр болсын!
Құрметпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталин