Әлеуметтік әріптестік артуда

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова Астана қаласы мәдениет басқармасының жаңа басшысы Жаңабай Мейірманқұловпен кездесті.

Кездесу барысында елорданың мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды: жалақыны көтеру; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қабылдаған әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасына сәйкес балет, цирк әртістеріне, хореографтар мен музыкант-духовиктерге жеңілдіктер мен қосымша ақылар бөлігінде бюджетті ұлғайту; жас мамандарға арналған тұрғын үй мәселесін шешу; кітапханаларды жөндеу және жаңарту, әсіресе сол жағалаудағы жаңа аудандарда жаңа кітапханалар салу.

Осы және басқа да мәселелер қазір елордалық Мәдениет басқармасының да, Салалық кәсіподақтың да ерекше бақылауында. Сондай-ақ бұл мәселе Ұлытаудағы Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында Мемлекет Басшысы жариялаған елді жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындау жөніндегі бағдарламаға енгізілген.

Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ж. Мейірманқұлов әлеуметтік әріптестікті дамыту – атқарушы органдарға кәсіподақпен бірлесіп қойылған барлық міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.