24.kz: “ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ ҚҰРЫЛАДЫ”

Қазақстан Түркі елдерінің кәсіптік одақ ұйымын құру туралы келісім жасады. Оның құрамына төрт мемлекет – Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Қырғызстан ұйымға бақылаушы мәртебесінде қатысады. Бұл туралы ҚР Кәсіподақ федерациясы хабарлады. Халықаралық ынтымақтастық түркі мемлекеттерінің бірігуіне берік негіз болады. Сондай-ақ, тәжірибені ілгерілетіп, еңбек нарығындағы жағдайды өзгертуге мүмкіндік береді. Жаңа ұйымның жұмысы еңбеккерлердің әлеуметтік, кәсіптік, экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау шараларын біріктіруге бағытталады.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/611265-t-rki-elderini-k-sipoda-jymy-rylady