Құрметті көлік саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
ҚР Кәсіподақтар федерациясы мен жеке өз атымнан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – аспанда да, жерде де халық игілігі үшін қызмет көрсетіп келе жатқан жүргізуші, теміржолшы, ұшқыш, машинист сияқты өз өмірін осы салаға арнаған құрметті мамандық иелерінің мерейлі мерекесі.
Көлік саласы барлық уақытта аймақтардың экономикалық және өнеркәсіптік дамуына, экономикалық және сауда байланыстарын кеңейтуге негіз болды. Ал бұл сала қызметкерлері қоғамда ерекше құрметке ие.
Қазақстанда ел мен елді жалғап, алысты жақын етіп, экономиканың күретамырына айналған саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. Көлік логистикасына көңіл бөлу халықтың әл-ауқатын арттыру мен өнеркәсіптік өсім мәселелерін шешуге ықпал етеді.
Көлік саласының қалай дамитыны экономиканың дамуына, мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін нығайтуға байланысты. Магистральдық, жергілікті және қалалық жолаушылар көлігінің тұрақты жұмысы – халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіші.
Еліміздің экономикасы мен өндірісінің барлық буынын байланыстыратын аса маңызды салада ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген Сіздердің еңбектеріңізді ерекше атап өткім келеді.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, жарқын да берекелі өмір, бағыттарыңыз айқын, жолдарыңыз ашық болсын деп тілеймін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясы
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин